құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие.
Жалпы АҚШ- тың бюджет процессі тарихи үш негізгі кезеңнен өткен:
1921 жылға дейін;
1921 жылдан жылға дейін;
және 1976 жылдан бері.
1921 жылға дейін АҚШ -тың барлық атқарушы билік органдары өздерінің жеке бюджеттік сұрауларын тікелей конгреске жолдап отыратын. Осы уақытқа дейін АҚШ -та бірыңғай федералды бюджет болмаған. Тек 1921 жылы алғаш рет қабылданған «есеп беру және бюдет туралы» американдық жиынтық заңға сәйкес бюджет реформасының бағыты анықталып, конгресс бюджетті алғаш рет президент қарауына ұсынды. Осылайша америка президенті атқарушы билік басында бола тұра, федералды бюджетті өңдеу мен оның орындалуына жауапты болып бекітілді. Осы мақсатпен оған 1921 жылы бюджет бюросы қаржы министрлігіне жеке дара өз бетінше бөлім ретінде қарауына өтті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе 60-жылдары федералды бюджет ауқымы бірден жоғарылып кетті, үкіметтің ұзақ мерзімді қаржылық бағдарламалар тенденциясы арта түсті.
1976 жылдың 1 қазанынан бастап «бюджет үстінен бақылау туралы», 1974 жылы конгресс қабылданған заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес АҚШ -тың конгресінде орталық бюджеттің қаралу және бекіту тәртібіне біршама өзгерістер енгізілді. Конгерсс палаталары бюджет жобасын мақұлдап қана қоймай, оны қайта қарау, президенттің бюджеттік ұсыныстарына келіспеушілік таныту, ұсынылып отырған кірістер мен шығыстар деңгейін өзгетуге, жаңа бағдарламалар енгізуге, салық жүйесін өзгертіп, заң жобасын қосуға құқылы болды. Осылайша бірнеше тарихи даму кезендерді өткізе отырып, бүгінде АҚШ- тың бюджет құрылымы өзіне тән ерекшеліктеріне ие.
Жалпы Р. Рейган ұсынған америка экономикасын сауықтыру бағдарламасы төмендегідей бағыттардан тұрады:
Корпорациялық және жеке табыс салықтары
Страницы: << < 47 | 48 | 49 | 50 | 51 > >>