қ, валюта, несие саясаттарын жасап іске асырып, бюджеттің орындалуына заңдылықтардың сақталуына бақылау жасайды және бюджетке кассалық қызмет көрсетеді. Қаржы министрлігі жалпы экономикалық ғылыми болжам жасап, бюджет құрамындағы ресурстарды бөліп отырады.
Қаржыны басқарумен, сонымен қатар басқа да ұйымдар шұғылданып, олар федералдық қаржы министрлігіне бағынады.
Олардың ішінде федералдық ведомстволар кәсіпорынның салықтарын тексеріп, шетел капиталдарынан салық жинауды екі рет салық салуды түзетіп, бюджеттің жетіспеуін қаржыландыру жұмыстарымен айналысады.
Францияда қаржы басқармасы, экономика, қаржы және бюджет министрлігіне жүктелген. Қаржы жұмыстарымен бас басқарма айналысады. Оның ішінде салықтың бас басқармасы және алымдар мен әр түрлі түсімдердің бас басқармасы бар.
Италияда қаржы басқармасы қазына мекемесіне жүктелген. Ол мемлекеттің шығындары мен қаржыларға бақылау жасайды.
Бюджет министрлігі мемлекеттік бюджетті жоспарлап, қаржы ресурстарын реттеп отырады. Жергілікті қаржымен ішкі істер министрлігі айналысады.
Сонымен шет елдерде қаржыны басқарумен әртүрлі ұйымдар айналысып, оның түрліше сипатта екенін көрсетеді.
АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізі конституцияға сәйкес өңделеді. Ата заңға Конгреске бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған.
Негізгі заңға сәйкес Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуіне құқылы, сонымен қатар Конгрестің екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералды бюджет кейпі ұзақ уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ең негізгі түсімдер көзі-болып кеден баждары мен акцизде саналады. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі танда аталмыш салық федералды бюджеттің
Страницы: << < 46 | 47 | 48 | 49 | 50 > >>