экономикалық және әлеуметтік бағыттарды атқара отырып, капиталистік қанауға жағдай жасап,оны қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттің ролі өсіп, оның ықпалы артып отыр.
Мемлекеттік-монополистік капиталдың өсуі жаңа тарихи жағдайда мемлекет алдында жаңа мақсаттар қойып отыр. Мемлекет жаңа ірі жекеменшік иелікке, инвесторға, өндіріске араласуына, тұтыну мен табысты бөлуге айналады. Кең көлемде қоғамдық мемлекеттің рөлі артып, қаржы олигархтардың мүддесін экономикаға араласуымен қорғап нығайтып келеді.
Соңғы кездерде мемлекеттің әскери бағыттары белгілі бір эволюцияға ұшырап, қараусыздандыру процестері бағынышты рөл атқарып отыр.
Мемлекеттік бюджеттегі бекітілген шығындар заңды түрде қарастырылады. Жергілікті қаржыда шығынның негізгі бөлігі әлеуметтік шараларға бағытталынған. Оның ішіне муниципалдық құрылыстарды қаржыландыру, қоғамдық автокөліктерді, білімді, денсаулық мекемелеріне,тұрмысқа қажет мекемелерін қаржыландыру кіреді.
Жергілікті қаржыны жалпы мемлекеттік мақсаттарды шешуге тарту, олардың қаржы олигархтарына бағыныштылығы, жергілікті бюджеттің шығындарын көбейтуге және оның рөлін арттыруға әкеп соқтырады.
Қаржы саясатында көптеген сұрақтар парламентте шешіліп, мемлекеттік бюджет және оның орындалуы бекітіліп, жаңа салық түрлері мен салық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізіп жүргізіліп отырылады. Кей елдерде, мысалы, АҚШ-та бұны конгресс шешіп келесі жыл бюджетінің мөлшерін бекітеді. Қаржыны басқару бөлек ұйымдарға бекітілген. АҚШ-та ол қаржы министрлігіне(қазыналық комитет) және әкімшілік бюджет басқармасына берілген. Бұл министрліктің негізгі бағыты қаржы және салық саясатын жасауға, қаржы заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау және үкіметтің қаржы агенті ретінде монета шығаруға, ақша белгілер
Страницы: << < 44 | 45 | 46 | 47 | 48 > >>