ылады және күннен күнге өсіп, қиын жағдайда оны реттеп, қоғамдық капиталдың өсуіне қатысып, оны көбейтуге ықпал етеді.
Буржуазиялық мемлекет қазіргі жаңа экономикалық және саяси жағдайда қаржы тармақтарын топтастырып, оны шешіп отырады. Қаржы құрылымы нарықтық жағдайда пайда болған қарама-қайшылықтарды шешіп, капиталдың саяси экономикалық жағдайын қамтамасыз етеді.
Қаржы құрылымының басты тармағы мемлекеттік бюджет болып табылады. Ол үкімет қарамағындағы ірі көлемде ортақтандырылған ақша қоры. Оның көмегімен үкімет халық табысының бір бөлігін өз қолына шоғырландырып, оны қаржы әдісімен бөліп отырады. Сөйтіп, бюджет қаржы базасының негізі болып мемлекеттің басты бағыты-нарықтық өндірістік қатынастардың сақталуына және өсуіне ықпал етеді.
Қаржы құрылымының бұл тармағында ірі табыстар шоғырланып, жалпы мемлекеттік шығынның саяси және экономикалық негізін шешіп отырады. Яғни, қаржы институтындағы салықты, ішкі алымдарды, шығындарды байланыстырып, реттеп міндеттерді шешіп, үстемдік топтардың мүддесін қорғайды және монополистік капиталдың бағытын нығайтып, әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, таптық күрестің болмауын тежеп отырады.
Мемлекеттік бюджет, сонымен қатар экономикалық өмірге араласа отырып, бюджеттің табысы және шығыны арқылы қоғамдық өндірістің өсуіне ықпал етіп, шаруашылықтың өсуін ынталандырып, қажетті тұтынудың деңгейін ұстап тұруға және оны іске асыруға арналған.
Бюджеттік әдісті пайдалану, оның экономикаға әсер етуінің бір түрі болып табылып, өсіп отырған өндіргіш күшке ғылыми-техникалық революцияға, өндірісті капиталистік әдіспен оңтайландырғыштық, халықаралық жағдайларға ықпал ету болып табылады.
Мемлекеттік бюджет өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланыста болады. Ол үйлестіру орталығы болып,нарықтық экономикан
Страницы: << < 41 | 42 | 43 | 44 | 45 > >>