Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  40 | 41 | 42 | 43 | 44  >  >>

бысқа сай үкіметті қамтамасыз ету шараларына ат салысуы қажет.
2. Салық төлеуге міндетті әрбір тұлға үшін салық нақты түрде анық болуы шарт. Мысалы: төлеу мерзімі төлеу тәсілі, сомасы-міне осылардың бәрі салық төлеуші үшін айқын ажыратылуы тиіс.
3. Әрбір салық, салық төлеуші үшін қолайлы уақытта, қолайлы тәсілмен алынуы қажетті.
4. Әрбір салық халық қалтасын қатты қақпайтындай түрде ойланған, өңделген түрде болуы қажет.
А. Смиттің айтуынша салық ауыртпалығын төмендеткеннен мемлекет ұтылмайды, қайта жаңа табыстар пайда болып, оларда салық салынуы арқылы мемлекет қазынасына түсіп отырады.
Көптеген дамыған мемлекеттер салық салудың осы принциптерін мақұлдап, қолданысқа енгізді.
Шет елдерде қаржы құрылымы дегеніміз барлық бөлімдегі қаржыларды топтап-жинай отырып, мемлекетті қаржыландырудың таптық мүддесін қорғауға арналған.
Монополистік капитал дәуіріне дейін қаржы құрылымының екі тармағы болады.
Мемлекеттік бюджет;
Жергілікті қаржы.
Олар ақша қорларын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің саяси және экономикалық функциясын іске асырады.
Монополистік капитал жағдайында өндіргіш күштің өсуімен оның әсерінен шаруашылық байланысы қиындап, қаржы құрылымында экономикалық тарамдар терең өзгеріске ұшырады. Жаңа қаржы тармақтары өсіп, бөлініп, оның сепартизмі өсті.
Қазіргі жағдайда шет мемлекеттердің қаржы құрылымы төрт тармақтан тұрады:
мемлекеттік бюджет;
жергілікті қаржы;
мемлекеттік кәсіпорынның қаржысы;
үкіметтің арнаулы қоры.
Әрбір осы тармақтар қаржы элементтерінің жиынтығын құрай отырып, бір-бірімен тығыз байланыста, мемлекеттің қаржы саясатын іске асыруға жұмылдырылған.
Осы қаржылардың көмегімен мемлекет экономикалық және әлеуметтік жағдайларды кең көлемде іске асыруға ұмт

Страницы: <<  <  40 | 41 | 42 | 43 | 44  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: