тік бюджет, 2) әлеуметтік сақтандыру, 3) мемлекеттік кәсіпорындар қорлары қалыптасады.
Осылайша жаңадан жасалған құн бөлігінің қозғалысы ұлттық табыстың қайта бөлінуі, оның кластар арасында орын ауыстыруы ретінде көрінеді. Ұлттық табыстың мемлекеттенуі ұлғаяды. Бірқатар елдерде ол 40-50 пайызды құрайды.
Қаржылық жүйе арқылы мемлекет орталықтанған және орталықсызданған ақша қорларына, тұтыну қорларының қалыптасуына мемлекеттік бюджет салықтар мен шығындарын, мемлекеттік несиені қолдана отырып, ықпал етеді. Мемлекеттің экономикаға араласуы обьективті сипат алады. Ол капиталистік шарушылық механизмінің маңызды элементтеріне айналды.
Қаржы арқылы мемлекет ұлттық табысты қайта бөлуге ғана емес, оны өндіруге, капиталдың қорлануына, тұтыну аясына өндірісті монополиялау және қоғамдастыру процестеріне ықпал етеді.
Қаржы экономиканың мемлекеттік секторын құруда, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуында капитализм жағдайына экономикадағы және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы күрделі өзгерістерге әкелетін ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруда маңызы зор. Мемлекет қаржыны шаруашылықты құрылымдық жағынан қайта құруға, «жұмсасақ», яғни өсіп келе жатқан империя аралық бәсекеге жағдайында жаңа бұйым түрлерінің өндірілу бағыттарын жылдамдатуға экономиканы нығайтуға құру үшін қолданады.
Мемлекеттік қаржылар жалпы ұлттық табысты бөлу құралы болып табылады. Бұл ең алдымен мемлекеттік секторда орын алады. Сондай-ақ, салықтық және амортизациялық саясат арқылы жүзеге асады.
Қаржы буржуазиялық мемлекеттің таптар арасындағы қайшылықтарды жұмсартуға бағытталған әлуеметтік саясатын жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік қорлар құрылады, күнкөріс деңгейі төмен халыққа тұрғын үйлер салынады, қала сыртында демалыс оры
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>