Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>

лу, оның көмегімен жиынтық сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне мүмкіндік туғызады.
3. Субсидиялар - өтеусіз берілетін қаражаттар. Олардың мынадай түрлері болады: демеуқаржы, субвециялар, экспорттық сыйлықақылар.
4. Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар.
5. Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субьектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:
1. Айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;
2. Өндірісті қысқарту;
3. Тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;
4. Материал сыйымдылығын қысқарту;
5. Меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.
Ұдайы өндірістік процессті жандандырудың маңызды аспектісі ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Оны қаржы ресурстарының – орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ресурстары есебінен қамтамасыз ету-оларды пайдаланудың басым бағыттарының бірі.
Қаржы ресурстарының бір бөлігі резервтерді – көлденең пайда болған қажеттіліктерді қаржыландыруды қалаптастыру үшін бөлінуі тиіс.
Ұдайы өндірістің мақсаттарын қамтамасыз етуден басқа қаржы ресурстарының едәуір көлемі басқаруға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, үкіметтік борышты төлеуге бағытталатынын білген жөн.
Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы тығыз байланы

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: