Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  122 | 123 | 124 | 125 | 126  >  >>

бiлдiретiн салықтық және салықтық емес алымдар аталған қызметтер қаржыландырылатын бюджетке түсуi тиiс.
Әрбiр басқару деңгейiне өзiнiң кiрiс көздерiн заң жүзiнде бекiту үшiн бюджетаралық реттеу жүйесiн анықтап алу қажет. Төмендегi мынадай төрт нұсқаның бiреуiн таңдау көзделедi.
Бiрiншiсi - қазiргi қолданылып жүрген тәртiптi оған тұрақтылық элементтерiн бере, яғни орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алымдар мөлшерлерiн бекiте отырып, сақтау керек.
Осы нұсқаны қабылдаудың оң тұстары мыналар болып табылады:
орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алулардың мөлшерлерiн бекiтудiң тұрақтылығы жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджет жобасын жасауды күтпей-ақ, жергiлiктi бюджеттердiң жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi;
бюджет деңгейлерi арасында салықтың әрбiр түрiн бөлшектемей салық түрлерi бойынша бюджеттер арасында нақты бөлу сақталады, бұл республикалық та және жергiлiктi бюджеттердi де нақтылау рәсiмiн оңайлатады.
Терiс тұстары:
жергiлiктi билiк органдары мен жұртшылықтың аймақ мұқтаждарына пайдалануға болатын алып қоюдың негiзсiз мөлшерлерi туралы пiкiрiн туғызатын алып қою институттары сақталады, ал жекелеген аймақтарда мұндай алып қоюлар жүргiзiлмейдi.
Екiншiсi - орта мерзiмдi кезеңге арналған тұрақты бөлу нормативтерiн әрбiр нақты аймақ үшiн жеке белгiлеп, реттелетiн салық түрлерiн анықтау. Осы нұсқа бюджеттiк алу тетiгiн жою мақсатында әртүрлi деңгейдегi бюджеттердi тiгiнен теңестiрудi көздейдi, яғни төлем көздерiнен алынатын кiрiстерден жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша түсiмдердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында қайта бөлудi жүзеге асыру ұсынылады. Салықтарды бөлудiң ұсынылып отырған тетiгi бюджеттiң төмен тұрған деңгейлерiне де қолданылуы

Страницы: <<  <  122 | 123 | 124 | 125 | 126  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: