спубликалықтан жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн орташа мерзiмдi кезеңге арналған тұрақты субвенцияларды белгiлеу арқылы қалыптасатын болады. Осылайша, жергiлiктi деңгейдегi тұрақты салық түсiмдерi, сондай-ақ орталықтан кепiлдiк берiлген субвенциялар қойылған мiндеттердiң тиiстi деңгейде орындалуына және басқарудың барлық деңгейлерiндегi орташа мерзiмдi кезеңге арналған iс-шаралардың сапалы болжануын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
бюджеттiк алулар жүйесi толық жойылады, бюджетаралық қатынастарда қарапайымдылық пен айқындылық қамтамасыз етiледi, орташа мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттердiң тұрақты кiрiс көздерiне кепiлдiк берiледi;
республикалық та, жергiлiктi бюджеттердi де нақтылау рәсiмдерi оңайлатылады.
Терiс тұстары:
әлемдiк бағалар конъюнктурасындағы қолайсыз өзгерiстердiң қазақстандық негiзгi экспорттық тауарларға әсерi республикалық бюджет кiрiстерiнiң едәуiр төмендеуiне әкеліп соғуы мүмкiн, бұл бөлiнетiн субвенциялар мөлшерлерi өзгермеген кезде, республикалық бюджеттiң теңдестiрiлуiне әсер етуi мүмкiн;
жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық - жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi кiрiс көздерi, оларды республикалық бюджетке берген кезде жергiлiктi атқарушы органдардың өз бюджеттерiн қамтамасыз етуiн реттеу мәселелерiнде жауапкершiлiгi төмендейдi.
Төртiншi нұсқа салық түсiмдерiн базалық (республикалық бюджетке) және аймақтық (жергiлiктi бюджеттерге) экономика кәсiпорындары бойынша бөлуге негiзделген. Жергiлiктi бюджеттердi теңестiру үшiн аймақтық экономика кәсiпорындарынан түсетiн жеке табыс салығын, әлеуметтiк салықты және ҚҚС-ты реттелетiн салықтармен белгiлеу ұсынылады. Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi бойынша жеке бөлу ұсынылады. Мұндай жағдайда, iс жүзiнде барлық iрi салықтар кәсiпорындар бойынша әртүрлi
Страницы: << < 124 | 125 | 126 | 127 | 128 > >>