болады. Корпоративтік сектордың сыртқы міндеттемелерін үнемі бақылау және мониторинг жүргізу үшін пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиясы және келісім-шарты бар шетелдік қатысатын компаниялар тізбесі жасалады және жаңартылады. Нақты секторда жұмыс істейтін ұйымдардың сыртқы міндеттемелері бойынша отандық инвестицияларды серпінді жобаларға ынталандыру және корпоративтік сектордың жалпы сыртқы борыш құрылымындағы сыртқы қарызы мен ЖІӨ-ге қатысты тұрақты үйлесімдігін ұстап тұру үшін талдау жүргізілетін болады, жағдайлар жасалады.
Валюталық және баға ауытқуларының тәуекелдерін төмендету үшін елдің резидент компанияларына арналған несие капиталының нарығында хеджирлеу құралдарын дамыту үшін жағдай жасау қажет. Осыған байланысты елде өндірістік бағалы қағаздар нарығын дамыту қажет.
Елдің сыртқы борышын басқаруды жетілдіру елде қаржы нарығын дамыту мен тығыз байланысты болады. Тұтастай алғанда, жалпы сыртқы борыш талдамасымен бірге орта мерзімді перспективада жалпы сыртқы борыштың ойдағыдай», "дабылды" шекті мәндерін белгілеуден басқа сыртқы міндеттемелердің секторлар бойынша жеке», "дабылды" шекті мәндерін белгілеу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бұдан басқа, орта мерзімді перспективада қабылданатын ынталандыру шараларының жеткіліксіздігінен ірі жобаларды іске асырған және экономиканы қаржыландырған кезде ішкі қаржы ресурстарын пайдалану үшін одан әрі де жағдай жасау қажет.
3. 3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру жолдары
М. Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушы С. С. Ахметова атап өткендей
Бюджеттің қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономи-калық формалар арқылы жүзеге асыратын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты. Бұл жекелеген құндық бөлу
Страницы: << < 114 | 115 | 116 | 117 | 118 > >>