Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  115 | 116 | 117 | 118 | 119  >  >>

этаптарын көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің спецификациялық формасы.
Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.
Бюджет кірісін басқарудың барлық процессі табысты реттеудің негізгі принциптері бекітілген «Бюджет туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі, сондай-ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі.
Алматы облысы Талғар ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы
М. Нұрғалиев (21) бюджеттің кірісін қалыптастырудағы салықтың алатын орны туралы пікірін айтқан:
Мемлекеттік ортақ қазынаны молайтуға бюджеттің қаражат қазанын әркез олқы түсірмей толықтырып отыруда салық жинау жүйесі ұланғайыр істер атқарады. Мұның маңыздылығы табыс-кіріс жөніндегі сала өз алдында дербестеніп, жеке министрлік болғандығынан да айқын көрінеді. Осы орайда салық жинаудағы ең төменгі – аудандық буындар баға жеткізсіз рөл атқарады, үлкен еңбек сіңірді десем, ешбір артық айтқандық болмас еді. Олардың еңбек нәтежелерінің толымдылығына көбінесе – көп қоғамдағы ахуалдың тұрақтылығы, адамдардың күнделікті қалыпты тұрмысы, жалақыны уақытылы алып отыруы, бюджеттен күн көріп отырған денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің, тұтас әлеуметтік – экономикалық саланың тыныс тіршілігі байланыста болады. Бюджетке уақытылы ақша аудару үшін қаржылық жағдайы жөнінде тиісті мерзімдерде есепті мәліметтер түсірмейтін жіті назарда ұсталды. Табысы туралы декларацияны уақытылы бермеген лауазымды адамдар әкімшілік тұрғы

Страницы: <<  <  115 | 116 | 117 | 118 | 119  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: