Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  112 | 113 | 114 | 115 | 116  >  >>

ын қаржыландыру үлесін қысқарту арқылы қол жеткізілетін болады.
Үкіметтік қарыз алу қоры нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қолдау мақсатында да пайдаланылатын болады. Орта мерзімді перспективада нақты жинақтамалар мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қарағанда кепілдік берілген борыш пен мемлекеттің кепілдемесін ескере отырып, үкіметтік қарыздың ара қатынасын 50-70-ға жеткізуге бағдарланатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, сонымен бірге мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін қамтитын барлық мемлекеттік сектордың борышы бойынша да жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында мониторингті күшейту және үшінші тұлғалар алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктер мен кепілдемелермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйіне мониторингті және бақылауды күшейту жөнінде, сондай-ақ, көрсетілген заңды тұлғалардың борыштарын басқарудағы кемшіліктерге уақтылы ден қою және жою жөнінде шаралар қабылданады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп отырған саясат шеңберінде 2012 - 2015 жылдары мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: жинақтар саясаты шеңберінде үкіметтік борыштың оңтайлы мөлшерін айқындау; ішкі қарыз алу бөлігінде,
нарықтағы ахуалға қарай индекстелген және купондық міндеттемелер арасында қарыз алудың жалпы көлеміндегі оңтайлы ара қатынасты белгілеу арқылы пайыздық тәуекелдерді азайту; бағалы қағаздар нарығындағы бағдарларды ("benchmark") белгілеу; жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бөлігінде, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

Страницы: <<  <  112 | 113 | 114 | 115 | 116  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: