лимиттерімен есеп айырысудың жаңа тәсілдерді әзірлеу; сыртқы қарыз алу бөлігінде, жаңа жобаларды іріктеуге және Қазақстанның Даму Банкінің қайтару негізде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын жүзеге асыруға талаптарды күшейту; озық тәжірибе трансферті және сыртқы донорлардың жобаларды іске асыруын бақылау рәсімдері мақсатында экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жеңілдік шарттарында сыртқы қарыздарды тарту; республикалық инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілетін жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсарту арқылы қарыз қаражатын тиімді пайдалану; теңгенің айырбас бағамы өзгерген жағдайда теріс салдарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздар портфелін қарыздардың валюталары бойынша әртараптандыру; борышты өтеу және оған қызмет көрсету бөлігінде:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетілетін үкіметтік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу жолымен үкіметтік борышты белсенді басқару; жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен борыштық міндеттемелерді өтеу және реттелмеген борыштық міндеттемелер проблемаларын жедел шешу жөнінде белсенді шаралар қабылдауы; фискалдық тәуекелдерді болжау.
Сыртқы теріс факторларға уақтылы ден қою және сыртқы борыштың тәуекелдерін басқару мақсатында қайта қаржыландыру тәуекелдері, өтімділік, валюталық және пайыздық тәуекелдер мониторингі жүзеге асырылатын болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының инвестицияларын әртараптандыру мақсатында тұтастай экономиканың нақты секторының жобаларын, оның ішінде», "серпінді" және инфрақұрылымдық бағдарламаларды іске асыру схемалары пысықталатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы қарыз алу мәселелер бойынша салық заңнамасын жетілдіру жүзеге асырылатын
Страницы: << < 113 | 114 | 115 | 116 | 117 > >>