Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  103 | 104 | 105 | 106 | 107  >  >>

рыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады. Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді.
Стратегиялық жоспар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік сектор секілді әрбір басым сала бойынша күтілетін нәтижелерді айқындай отырып, «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізін қалады. Стратегиялық жоспар бәсекеге қабілетті экономика құру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, бірінші кезекте, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі міндеттерді белгіледі.
«Қазақстан-2030» стратегиясының қорытындыларына тоқталатын болсақ, төмендегідей негізгі қорытындылар жасауға болады. «Қазақстан-2030» стратегиясында біз еліміздің табысын жоспарладық.
Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды. Дәл осы «Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Нәтижесінде,15 жылішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы28 триллионтеңгеге өсті. Елдің Ішкі жалпы өнім көлемі16еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның Ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсуі 7,6-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда Ішкі жалпы өнім 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы12 мыңдолларға жетіп,7еседен астам өсті. Қазақстан әу

Страницы: <<  <  103 | 104 | 105 | 106 | 107  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: