Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  102 | 103 | 104 | 105 | 106  >  >>

уды жетілдіру болып табылады.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторын дамыту тек әрбір облыстағы, қаладағы, аудандардағы тұрақтылыққа қабілеттенуінен ғана пайда болады. Бұл факторлардың барлығы экономиканың дамуындағы жергілікті аймақтардың дамуын тұрақтандыруға байланыста туып отыр.
1997 жылдың қазақ айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және іл-ауқатының артуы» атты хлыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға Даму стратегия(бұдан әрі «Қазақстан-2030» стратегиясы) белгіленді. Бұл Стратегия егеменді республиканы әлемнің ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді.
«Қазақстан-2030» стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары «Қазақстан 2030» стратегиясын іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.
Қаржы-экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды. Елдің дағда

Страницы: <<  <  102 | 103 | 104 | 105 | 106  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: