гізінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың даму бағасын беріп, жергілікті әкімшілік шешімдерін қабылдауды енгізу бүгінгі күннің ең маңызды міндеттерінің бірі. Нарық қатынастарында әркімнің жеке әрекеті әртүрлі қайшылықтар мен кедергілер арқылы орын алып отырады. Қазақстан Республикасында экономиканың, соның ішінде қаржы жүйесінің тұрақты дамуы қазіргі жағдайда ең алдымен институциональды факторларға байланысты. Осы мәселелерге орай ҚР-ның президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ендігі жерде сөз осы жылдары талдау жасалып, заңдылық нормативтік құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру туралы болып отыр», - деп делдікпен айтты. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі тұрақты болу үшін, әрбір аймақтар, облыстар мен аудандар экономикасының дамуын нақты алып қарастырып, оған нақты баға беріп, кемшіліктерді анықтау, талдау, қорытындылау арқылы ақшалай және қаржылай қолдау көрсету және соған сәйкес шешім шығару қажет болды. Бұл бастама «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында анық көрсетілді.
Бағдарламада облыстардың, аудандардың, қалалардың аймақтық даму деңгейінің әртүрлілігіне байланысты болып отыр. Яғни әрбір облыстың салалық мамандануы әртүрлі. Дегенмен, нарықтық қатынастар экономикасы әрбір облыс пен қаланы, аудандарды өзіндік даму мүмкіншілігіне бағыттап, жауапкершіліктерін күшейтеді. Осыған сәйкес, жергілікті қаржы ресурстарын тиімді пайдалану қатынастарын қалыптастыру, несиелік жағынан қамтамасыз ету, инвестициямен қамтамасыз ету, бюджеттік қаржымен қамтамасыз ету, инвестициямен қамтамасыз ету, бюджеттік қаржымен қамтамасыз ету, өндірістерді дамыту, тұрмыстық-әлеуметтік қызметтерді өсіру сияқты бүгінгі күннің ең маңызды мақсаттарын анықтаған болатын. Жергілікті қаржы жүйесіндегі реттеу, талдау, тексеру, бағдарлау, жоспарлау әрекеттерін енгізу арқылы әкімшілік басқар
Страницы: << < 101 | 102 | 103 | 104 | 105 > >>