Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

"Ақсақ құлан", "Аққу", "Арман", "Көш керуен" атты күйлердің, 400-ден астам ән-романстардың авторы, 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге ("Қыз Жібек", "Менің атым Қожа") 17 мультипликациялық фильмге ( "Қарлығаштың қүйрығы неге айыр ?" , "Ақсақ құлан") музыка жазды. Алматы консерваториясының құрметті профессоры (1995) болған. 1999 жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше берілді. "Отырар сазы" фольклорлық этнографиялық ансамбль 2000 жылы Н. Тілендиевтің атымен аталды.
Өнерлінің қолы -алтын,
Өлеңшінің сөзі- алтын демекші Н. Тілендиев домбыра аспабының құлағында ойнаған. Балаларға арнап жазған әндері жетерліктей. Н. Тілендиевтің бізге қалдырған дүниелерін сақтап, орындап, есімдерін мақтанышпен айта аламыз.
Мақал- мәтелдер. "Өнерді үйрен де жирен"

"Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер"
"Өнерлі бала сүйкімді"
"Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар"
(Оқушылармен мақал-мәтел сайысын өткізуге болады)
Музыкалық сауаттылық: Сұлу музыка көңіліңді көтеріп, әсерлі сезімге
бөлейді. Музыкалық дыбыстардың аталуы мен ноталық сызықта орналасуын жақсы білесіңдер. Ал енді осы музыкалық жеті дыбыс, сөздердің басында, ортасында, соңында кездесіп жатады. Әрбір музыкалық дыбыстар кездесетін сөздерді тауып, сөйлем құрау.
Мысалы:
До
Ре
Ми
Фа
Соль
Домбыра
Терезе
Домино
Фартук
Сольфеджио
Доп
Береке
Микрафон
Фарш
Фасоль
Дос
Терең

Фамилия


Ля
Си
Лямка
Сиыр
Аляска
Сипат
Лягушка
Сирек

Шығармашылық жұмыс. 1. Айжан мер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: