, Б. Байқадамов, К . Мусин.
Қазақстандағы ән-романс жанрына басқа композиторлар да өз үлестерін қосты. Ә. Еспаев, Ә. Бейсеов, Ө. Байділдаев, Н. Тілендиев, Е. Хасанғалиев, Ш. Қалдаяқов. Композиторлардың ән-романстары жас ұрпақты Отанын сүюге, адамгершілікке, табиғатты қорғауға баулыйтын және тағы басқа да тақырыптарда жазылған.
Л. Хамидидің " Туған ел" әнін орындағанда Отанға деген сүйіспеншілікті, кең жазира даламыз бен табиғатымыздың әсем бейнелері суреттеледі. Сол сияқты басқа да көптеген композиторлардың әндері Отан, патриоттық, лирикалық жанрда жырланады. Осындай ән-романс жанрында ерен еңбек етіп, музыкалық шығармалары халықтың жүрегінен орын алған атақты композиторлардың бірі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев. Н. Тілендиев Алматы облысы, Шилікемер ауылында 1925 жылы дүниеге келген. Н. Тілендиев-композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның халық артисті. Қазақстан Халық қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-1950 жылдарында Алматы консерваториясында, 1950-1952 жылдары Мәскеу консерваториясында оқыды. 1952-1961 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-1964 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968-1981 жылдары" Қазақфильм" киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы, 1981-1998 жылдары өзі ұйымдастырған "Отырар сазы" фольклорлық этнографиялық ансамбльдің көркемдік жетекшісі болды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін композитор шығармаларына тән қасиет. Н. Тілендиев "Ортеке" балет-поэмасының және "Менің Қазақстаным" кантатасының, "Достық жолымен" балеттің, "Алтын таулар" операсының, "Ата толғауы", "Алтын дән",
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>