дылау.
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма .
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын сұрау. Қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы.
а) Қазақтың кәсіби музыка мәдениеті нешінші жылдары қалыптаса бастады?
ә)Қазақтың кәсіби жазба мәдениеті қай кезеңдерден басталады? (1930ж)
б)Музыкалық жазба мәдениетіміздің дамуына қандай композиторлар үлес қосты?
в)Ахмет Қуанұлы Жұбановтың қандай шығармаларын білесіңдер?
г)Латиф Абдулхайұлы Хамидидің өмірі мен музыкалық шығармаларын кім әңгімелеп береді?
д) "Туған ел" әнін орындау. Жаңа сабақ. Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы.
Ән-романс жанры.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп дана Абай жырлап кеткен жолдар, ән сүйгіш қауымның жүрегінен терең орын алып, көкейіне ұялады.
Халық даналығы әнді ертеден-ақ бағалап, халықтың жаны деп атаған. Ән- халық мүрасы. Халық әндері сарқылмас қазына. Оны жәй ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі, әннің толып жатқан өзге де қасиеттері де бар.
Ең алдымен ән-өнер, ән-адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән -табиғат суреттемесі. Ән халықтың көркем айнасы, көркем тарихы. Ән-өнер айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Ән жанрында қалам тартпаған композитор жоқ десек те болады. Қазақстанда вокалдық музыка жанрында көптеген композиторлар ерен еңбек етті. Кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады. Романс-Испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні. Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторлар:А. Жұбанов,Е . Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>