Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары.
«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет деген».
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда. Дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын мәлім. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан - жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Әр сы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: