Қазақ халқының мәдениеті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ХҮІ - ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани
мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру.
ә) Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы - мәдениет ескерткіштерін
қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Рухани және материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени
жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға
дағдыландыру.
Сабықтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс, дискуссиялық өрнек
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер, асықтар, конверттер, сандықша
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, дінтану, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:
І топ - "Хандар"
ІІ топ - "Билер"
ІІІ топ - "Батырлар"
Үй тапсырмасы "Алтын қақпа" ойыны арқылы сұралады. Сұрақтар конвертке салынады. Әр конвертте үш сұрақтан болады.

1. Тас қақпаның сұрақтары:

1. Жоңғарлар кімдер?
2. Сібір атауының шығуы туралы не айтасың?
3. Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?

2. Күміс қақпаның сұрақтары:

1. Жоңғар шапқыншылығының басты себебі неде?
2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы қай жылдары болды?
3. Аңырақай шайқасының маңызы неде?

3. Алтын қақпаның сұрақтары:

1. Көшім тұсында Сібір хандығының күш қуатының арту себебі неде?
2. Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: