Қазақ халқының мәдениеті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

н қорғаған құс еді. Мен өз болашағымды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, -дейді.
Мұны естіген қалмақ қонтайшысы "бұл кісі әулие" екен деп, оның өзіне де, маңайындағы еліне де тимепті - міс. Бұл кісі кім? Бұл кісіні өз атымен атамай әлі күнге дейін қандай атпен қадірлейді?

Жауап: Төле би "Қарлығаш әулие", "Қарлығаш би"

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Мәдениетке жалпы сипаттама
2. Рухани мәдениет туындылары.
3. Материалдық мәдениет қазыналары.

ХҮІ - ХҮІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата - бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т. б. ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе ХҮІ - ХҮІ ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮІ - ХҮІІ ғ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: