ы мақсаты не еді?
3. Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды?
4. Алтын сандық сұрақтары:
1. Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танытқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз
Тұтқыр сары желімбіз,
Жабысқалы келгенбіз.
Берсең, жөндеп бітімді айт.
Бермесең, дірілдемей жөніңді айт.
Не тұрысатын жеріңді айт! - Бұл кімнің кімге айтқан сөзі?
Жауап: Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқаны.
2. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп аталды. Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым әрі болдырып, әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл жағасына келіп сұлап жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: "Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы көрген күнімізді не деп атасақ болар?" деп сұрапты. Сонда тағы бір қария тұрып: мұның аты "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" болсын депті. Мұңын мәнісі не?
Жауап: Атамекен, мал- мүлкінен айырылып, жаяу - жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра - шұбыра табаны ағарып, азып - тозды деген сөз екен.
3. Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс.
Қалмақтың әскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, ол:
- Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүниежүзін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, сода
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>