сіңіру қажет.
"Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата - бабаларымыздың тарихи - мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік" -деді еліміздің Президенті Н. Назарбаев өз сөзінде. Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.
Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау - адамзат өркениеті дамуының сара жолы.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма: 46 - ны оқып келу
"Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын" тақырыбында шағын әңгіме жазып келу.
Страницы: << < 4 | 5 | 6