Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: "Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді", "Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені - сынғаны" деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
Сөйлем немесе сөз тіркесі


Мағына тұспалды
топшылау
Мәтел



Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ



Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. "Әлін білмеген әлек", "Көппен көрген ұлы той" деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.
Ертегілер -- халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі. Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де боладыҚазақ ертегілерін, академик М. О. Әуезовтың пікірінше, үш жікке бөліп қарастыруға тура келеді. Олар: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер. Солардың

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: