е тән екінші бір ерекшелігі, барған немесе қоныстанған елдерінде тез арада сіңісіп, бейімделіп кетіп отыруы.
h
ᄃ㞄怂㞄愂摧ᛇᤀабардың дүние жүзіне тралуы. Ғалым Түркия жерінен Шыңжан оқиғасына қатынасып, жағдайды өз көзімен көрген, оның басты ұйымдастырушысы болған Әлібек Хакім, Хұсайын Тәйжі, Қарамолла, Хамза және Сұлтаншәріп Тәйжі сияқты адамдарды кездестіріп, оқиғаның ізі ұмытылмай тұрғанда олардан нақты деректер жазып алып, қазақ диаспорасының тарихына маңызды үлес қосты.
Диаспора мәселесі туралы шындықты Милтон Дж. Кларк өзінің «Қазақтар еркіндікке қалай ұмтылды?» атты ғылыми мақаласында жазған. Бұл еңбектің де құндылығы, өзінің атынан көрініп тұрғандай, қазақтардың бостандық жолындағы бейнет-қиындықтары жайлы толық мағлұмат келтіруінде.
Қазақ диаспорасының зерттелуіне үлес қосқан деректер, ол сол өткен қасіретке толы оқиғаны өз басынан өткерген адамдардың немесе солардың туған-туыстарының жазып қалдырған естеліктері түрік тілінде мемуарлық еңбек болып Стамбұлда жарық көруі.
Бұл еңбектер қасиетті жерінен, елінен айырылғандықтан жүректеріне түскен жазылмас жарадай сезінетін ауыр тағдырлы жандардың жан сыры. Мұндай еңбектердің бірі – 1976 жылы Хасен Оралтайдың «Түрік қазақтары» атты түрік тілінде шыққан кітабы. Сол сияқты 1977 жылы Стамбұлда Хыдырбек Ғаритулланың «Алтайдағы қанды күндер» атты кітабы жарық көрді. Ал 1981 жылы түрік тілінде шыққан Халифа Алтайдың «Туған жерден Анадолыға дейін» атты кітабы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қазақ халқының өткен тарихына арналған. Екінші бөлімі халқымыздың этнографиясына арналса, үшінші, төртінші бөлімдері 1930-1940 жылдардағы оқиғалардың себеп-салдарларына және Шыңжандағы тарихи оқиғаның орын алуына, қазақтардың Үндістан жеріне ауып барғаны баяндалады. Мұнда он екі жыл бойы тұрғаны, Қазақ қауымдастығы
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>