Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ріп жатса, оның 800 мыңы диаспора болып саналады. Ал 3 млн 700 мыңы қазақ ирреденталары болып есептеледі. Яғни, ол көрші елдерге қосылып кеткен қазақ жеріндегі тұрғындар, Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың қарамағында қалған Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, т. б. Монғол жеріндегі Баян Өлгий аймағы, Өзбекстан құрамында қалған Сырдария, Шыршық, Қылықұм, Мырзашөл, т. б. жерде өмір сүріп жатқан қазақтар ирреденталар болып табылады. Алайда бұлар да диаспоралардың бір түрі.
Ал оралмандар – шетелдерден өз еліне оралған адамдар.
Диаспора көп ретте трихи жағдайда байланысты миграцияның – яғни халықтың белгілі бір топтарының басқа елдерге қоныс аударуының әсерінен пайда болады. Ал қоныс аударудың да әр түрлі себептері болуы мүмкін. Мәселен, табиғи апаттан басқа жаққа қоныс аудару, басқа да әр түрлі өмір сүруге қиын жағдайдан диаспоралар пайда болады.
Халқымыздың тарихи жағадайына талдау жасап қарасақ, қазақ диаспорасы тек зорлық-зомбылықтың әсерінен пайда болған. Қазақ диаспорасы өз жерінен көрші жатқан елдерге қоныс аударып, онда тұрақтай алмай, одан әрі алыс елдерге дейін шашырап кеткен. Алғаш қазақтар Қытай, Орталық Азия, Ауғанстан, Иран сияқты елдерге қоныс аударған.
Қазақ диаспорасының шет елдерде кең тарағанын мына төмендегі салыстырудан байқауға болады. Өз республикасынан тыс жердегі халық пайызының жоғарылығы жағынан армян мен украиндардан кейінгі үшінші орын қазақтарға тиеді. Ал өз ата-мекендерінде тұрып жатқан түркі телдес халықтардың ішінде әзірбайжандардан кейінгі екінші орынды алады.
Қазақ диаспораларының өзіндік ерекшеліктері – олар, біріншіден, тұрған елдерінде көпшілік болып, саяси автономия құра алмайды, сондықтан да басқа халықтарға билік жүргізетін жағдайы болмайды. Қазақ диаспорасының өзін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: