ның құрылуы, оның жұмысының нәтижесінде Түркия мемлекетіне тұрақты қоныс аударуы туралы жазылған.
Бұдан кейін қазақ диаспорасы және қазақтар туралы монографиялық еңбектер 1980 жылдан бастап батыс тарихшыларының зерттеулерінен байқала бастайды. Алайда олар өздерінің еңбектерінде Х. Алтай, Х. Оралтай, Х. Ғаритулла еңбектерін пайдаланған, мысалы, 1990 жылы Америкада профессор Линда Бенсонның «Іле көтерілісіне. . . » байланысты монографиясы жарық көреді. Еңбек мұрағат материалдарына және жергілікті қазақ-ұйғыр, дүнген халықтарынан жинастырлыған деректерге сүйене отырып, 1944-1946 жылдардағы оқиғаларда қазақтардың басты рөл атқарғанына баса көңіл бөлген.
Соңғы жылдарды шашырап кеткен халқымыздың тарихына қазақ тарихшы ғалымдары көңіл бөле бастады.
3. Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы. Қазақтардың басқа елдерге шашырап кету тарихы XVII ғасырдан-ақ басталады. Әсіресе XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы қазақ ирреденталары мен қазақ диаспорасының бастауына жатады.
1757 жылы Цин өкіметі жоңғарларды біржолата талқандап, олардың қол астында болған Тарбағатай өңірі, Іленің жоғарғы, Жетісудың солтүстік аудандарын өзінің жері деп жариялайды. Бұл жағдай көрсетілген жерлерде ғұмыр кешіп жатқан қазақ ру-тайпаларының Қытайдың Цин өкіметінің қол астында қалуы жаңа қазақ ирренденталарының немесе диаспорасының пайда болуын туғызған еді. Мұндай өзі қазақ диаспорасының XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығының әсерінен пайда болғандығын көрсетеді.
Қазақ диаспорасының пайда болуының екінші кезеңі Орталық Азияда орыс-қытай мемлекеттік шекарасын анықтау кезіне жатады. Екі ұлы елдің арасындағы шекараны анықтау үшін бірнеше аса маңызды келісімшарттар жасалған. Бұл келісімдердің шекаралық шешімдері екі елдің арасында өмір сүріп жатқан халықтардың еш
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>