ологтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет.
Жеткіншектердің девиацияларына үңілу, көңіл аударып талдау кезінде тұлға акцентуацияларын ескеру қажет. Сонымен, жеткіншектің қалыпты дамуы үшін маңызы бар ересектердің олардың бойында физиологиялық, психологиялық, əлеуметтік деңгейлерде өтетін өзгерістерге құрметпен қарауының жəне оған қоятын өз талаптарын, онымен қарым-қатынас стилін өзгертудің маңызы өте зор. Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез-құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек:
- жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
-оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
- əлеуметтікжəнепсихологиялыққорғалуы;
- оқушылардыңөздерініңқұқықтары мен міндеттерін білуі;
-маскүнемдікке,ішімдікке,нашақорлыққа, қылмыстық əрекетке бейім балаларға үлкендер тарапынан қатаң бақылауға алу. Демек, мектепте, отбасында оқушыларға білім, білік, тəрбие негіздерін үйрете отырып, оларды қарым-қатынас ережелеріне, мəдениетке үйрету, əлеуметтік тəжірибелер арқылы адамгершілік құндылықтар жүйесін ұғынуға, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету керек.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т. б. ) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агресс
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>