АУЫТҚЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

АУЫТҚЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесін басты назарда ұстау халықтың жарқын болашағын меңзейді. Қазіргі кездегі ең бір өткір тұрған мәселенің бірі – жастар тәрбиесі. Егемен еліміздің ертеңі бүгінгі жас жеткіншектер болса, сол ұрпағымызды мейірімсіздік пен қатыгездіктен, жатыпішер жалқаулықтан аулақ етіп, ұлтын ұлықтайтын, дәстүрін сақтайтын азамат етіп тәрбиелеу – барша үлкеннің міндеті.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесі – әрбір ата-ананың ғана емес, қоғамның да басты мәселесі. Ғылыми-техникалық прогресс дамып заманауи технологияның озық түрлеріне қол жеткен сайын ұрпақ болашағы алаңдата түседі. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі еңбағалыасылбайлық– адам. Әр адам басқа адамдардан өзінің даралық болмысымен, өзіндік өзгешелігімен ерекшеленеді. Адамды сипаттағандаалдыменмінезін ескереміз. Мінез – әр адамдардың жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Сондықтан да сол арқылы оны тәрбиелеу мен оның табиғатын зерттеу содан келіп шығады.
Жеткіншек шақ мінез-құлықтың қалыптасу кезеңі болып табылады. Осыуақыткезеңі кезінде мінездің көптеген түрлері құрыла бастайды.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз.
Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз (ата-аналарының, мұғалімдерінің, қоғамның). Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: