на əсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:
агрессивтілік;
өзін-өзі басқарудың төменділігі;
əлеуметтік нормаларды түсіну дəрежесінің төмендігі;
ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
ата-аналардың əсер етуінің тиімсіздігі;
физикалық жазалау;
жасөспірімнің отбасымен жəне құрдастарымен келіспеушілігі;
отбасының құлдырауы;
əлеуметтік қанағатсыздану жəне т. б. Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан торт топқа бөлеміз: Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез- құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстарымен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады. Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған əлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту сияқты əдеттерге икемдене бастаған. Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез- құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер енеді. Төртінші топқа жүйке ауруларына шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагог-псих
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>