АУЫТҚЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазір осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Қорытындылай келе девиация девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлықты қамтиды. «Девиация» кездейсоқ себептердің әсерінен заттың қалыпты жағдайынан ауытқуы деген мағынаны білдіреді. Жасөспірімдік шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те айтады. Себебі, бұл кезде жасөспірімдер балалық шақтан ересектік шаққа өтеді және соған сәйкесті бала бойында физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік өзгерістер көрінеді 2, 243 б. . Қазіргі ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге сүйене отырып «қиын бала» түсінігінің үш маңызды белгісін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, балалар немесе жасөспірімдер мінез-құлқының нормадан ауытқуы 5, 137 б. . «Қиын балалардың» екінші

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: