АТА – АНА МЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу - тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш - жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. "Отан" деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең - байтақ даласы, тау - тасы, өзен - көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.
Ата - анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі - баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат - мүддесі біреу - ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя - отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі; көретіні анасның аялы алақаны. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" немесе "Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" дегенде осының айғағы. Яғни, ата - анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқандада сол өнеге - өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.
"Баланы жастан" деген халық даналығына сүйенсек, тәрбиенін бесіктен басталатыны әркімге аян. Сәбиінің өнерлі, талантты еңбек сүйгіш болып өсуін мақсат еткен ата - ана бесік жырының, негізгі арқауын да ой өнеріне, қол еңбегіне арнағанын мына бір үзік ойдан анғару қиын емес.
"Таңдайларын тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсін?". . .
Баланы мақтап, көтермелеп, бағыт беріп отыру, оның интелле

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: