ер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.
Баланың негізгі қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың айтуы бойынша "Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?". Сондықтан ойынбаланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға білім. , білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы - балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші -- тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие - қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір - қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, ад
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>