ктуалдық ой - өрісін дамытып, ойлағанын еркін - батыл жеткізуге мүмкіндік береді. Ата - анамен арадағы мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шғармашылық деңгейі артады. Ата - ананың аузынан шыққан сөз бала үшін өмір, тіпті заң болып та есептеледі. Бала өте сезімтал байқағыш, оларға ерінбей дұрыс жауап беру түсіндіру, түра жолға бағыштау, ой-өрісін ұштау, ата - анаме тәрбиешінің парызы. Балабақшада, ата - анамен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге баланың ықылас зейін қойып тындауна ерекше зер салғаны жөн.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып,бірлесе жұмыс жасау керек.
Әр бір тәрбиеші ата-анамен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып,ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгереер еді.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көз қарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап кету;
Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді;
Қоғам тарапынан көретілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады;
Қазіргі уақытта балаларды тәрбиелеуге ата-анамен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолдануда. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
О
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>