амгершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді. Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті - баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құл
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>