АТА – АНА МЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

br/> Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы өзін қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып-білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектептегі оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, балғын бөбектерді әдептілікке, достық пен бауырымдылыққа, туған өлкесі мен Отанына деген сүйіспеншілікке, оның ой-өрісін, сана-сезімін, өмірге қажетті білік-дағдыларын кеңейтіп дамыту - тәрбиеші, педагогтар мен ата-аналардың ортақ ісі.
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы керек. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы - балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: