ртасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.
Қазіргі кезеңде қоғамда білімді де білікті ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен, жаңа адам тәрбиелеу міндетті тұр.
Сондықтанда да балаға кішкентайынан дұрыс тәрбие беріп, инабатты, адамгершілігі мол, иманды ұрпақ тәрбиелеуге ата-анасына да, тәрбиешісіне де үлкен жауапкершілік жүктелді.
Отбасында адамгершілік тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ата-ана - баласының алдында үлгі. Баланың адамгершілігі мол жеке тұлға болып қалыптасуы ата-анаға, оларға берген тәрбиеге байланысты.
Отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала этно - мәдени білім мен тәрбие алары анық.
Отбасы тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда қазақ халқының ағартушы ғалымдары А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев тағы басқа еңбектерінің орны ерекше.
Баланың отбасынан кейінгі сүйікті мекені, екінші ұясы - балабақша. Ата-аналар баланы өздігінен әрекет ете бастаған кезден бастап балабақшаға бергені жөн. Отбасында балаға барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас жетіспейді. Бала өзінен басқа да балалардың бар екенін көріп, олармен тіл табысып, олардың қызығушылығымен санаса білуі қажет.
Балабақшада балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілетін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстар қамтылады. Балабақшадағы әртүрлі жұмыстар балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы заттардың ерекшеліктерін танып - білуіне бағытталған. <
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>