Астың қорытылуы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныптан тыс іс-шара "Қызықты биология"

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Міндеттері:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;
Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;

Сабақ түрі: интеллектуалды ойын
Сайыстың барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
8 - 10 сыныптар арасында өткізілетін "Қызықты биология" атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім - кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Бүгінгі ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, топтың атын, және девизін ойластырасыздар, сонымен қатар сіздерге берілген эмблеманың мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топта сайлаған лидер таныстырады.
2-жүргізуші: Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 4 раундтан тұрады:
I раунд: Викторина
II раунд:Үй тапсырмасы
III раунд: "Білгенге маржан"
IV раунд: Пантомима
1-жүргізуші: Олай болса I раундымызды бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:
Бірінші бастау құқығы жеребе арқылы шешіледі;
Сұрақтар 5 категорияға бөлінген, әрбір категорияда 10 баллдан 50 баллға дейін бағаланған сұрақтар берілген, сұрақты таңдау топтың еркінде;
Берілген сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сұраққа белгіленген балл топтың қоржынына кіреді;
Ал дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, жауап беру құқығы қарсыластарға бер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: