у үшін сөз беріледі.
1-жүргізуші: Олай болса үшінші раундымызды бастаймыз. Әрбір топқа сұрақ қойылады, сіздер бірден жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 баллдан беріледі және ол топ қоржынына қосылады.
2-жүргізуші: Соңғы шешуші раундты бастаймыз. Ол "Пантамима" деп аталады. Бұл кезең "Кракодил" ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.
1-жүргізуші: Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 10 баллдан беріледі, әрбір суретке 40 с уақыт беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!
2-жүргізуші: Енді ойынымыз қызықтырақ болу үшін тапсырманы қиындатамыз, енді сіздер қандай да бір биологиялық процесті табуларыңыз керек, мысалы тыныс алу, жеке даму деген сияқты. Ол үшін 2 немесе 3 адам шығуына болады, сіздерге күрделігіне қарай 1 мин уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 20 балл беріледі.
2-жүргізуші: Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Өздеріңіздің жинаған баллдарыңызды санап шығыңыздар.
Рефлексия.
Сізге ойын ұнады ма, қандай әсер алдыңыз?
Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады
Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?
Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?
1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі "Қызықты биология" атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Страницы: << < 2 | 3 | 4