емпірден қашып келемін.
Осы кезде бірдеңеден құр қалғандай Жалмауыз кемпір көрермендер арасынан шыға келеді.
Жалмауыз кемпір: Ә,мен бұлардың қайда бара жатқанын білемін. Мені неге шақырмаған? Егер мені алып бармасаңдар, мен сендерді жолдан адастырамын! Сібірткесімен оңды,солды сыпыра жөнеледі.
Дәу: Жалмауыз кемпір, сен не істеп жатырсың?
Жалмауыз кемпір: Ә,мен жолды дуалап жатырмын! Уфф, сүффф!!!
Ал егер мені ала кетсеңдер ең қысқа жолмен барасыңдар!
Қаңбақ шал: Жарайды, біз сені ала кетейік. Бірақ онда қалу, қалмауыңды балалар шешеді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін қасиетті күн. Наурыз мейрамында ерекше дәстүр бар. Ұлыстың Ұлы күні бір бірімен ренжіскен жандар татуласады. Қатал,қайырымсыз жандар мейірімді болып, арамдар шыншылға айналады екен. Олай болса, балалар, Жалмауыз кемпірді кешірейік пе? Ол қалсын ба?
Тәрбиеші: Дәу мырза, Қаңбақ ата ! Бүгінгі мейрамда Жалмауыз апаны кешіріп,өткенді ұмытып көрісіп амандасайық!
"Көрісу" рәсімі.
Залдағы барлық көрермендер, балалар да бір бірімен құшақтасады.
Жалмауыз кемпір: Ой, ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім жылып барады. Денем де сұлуланып бара жатыр! Алақай, енді мен де өзгердім! деп жаман киімдерін, бетпердесін шешеді. Жалмауыз кемпір әдемі әжеге айналады. Орнынан тұрып, балалардың беттерінен сүйеді:
- Айналайын, ботақандарым менің! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Базарлық ала келдім. Оны мереке соңында таратамын, жарай ма?
"Базарлық" рәсімі.
Тәрбиеші: Міне, балалар, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ендеше, тағы да өнерлі балаларымызға кезек берейік!
Төребай:
Домбырасыз сән қайда?
Домбырасыз ән қайда?
Ән мен күй бар өм
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>