Қасиет еткен халқымыз,жаңғыртар дәстүр салтымыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

асарды жер, алақай!
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге сал, апай!
Қайырмасы: Наурыз, наурыз, келді біздің жаңа жыл! 4 рет
Тәрбиеші:
Рахмет,балалар! Наурыз қыз бен Тауық жылы,төрлетіңіздер, дастархан басына жайғасыңыздар!
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың!
Қуанышы халықтың!
Құтты болсын қадамың!
Бұл биді саған арнадым!
"Шөжелерім" биі.

Бақдәулет:
Кел, балалар, ойнайық
Наурыз тойын тойлайық!
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық!
Юсуф:
Наурыз тойым,наурыз тойым
Құтты болсын, халайық!
Кәне,достар, кәне, достар,
Шырқап әнге салайық!

"Бүгін бізде мереке" әні.

Нұрғали:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз тойы тойлансын!
Еламан:
Ұлыс күні кәрі,жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан төлдердей
Жамырасып, өріскен, Аталар бата беріскен.

"Бата беру" рәсімі.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Жиналған жұрт бақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Пәле,жала жерге енсін!
Әумин!
Батаны Қыдыр ата береді.
Наурыз қыз:Мен қанша шуағымды шашып, мейірлендім. Бірақ қалың қыс әлі кеткісі келмейді. Қар тезірек еріп,ағаштар бүршік жарып, жер көктеу үшін не істесек болады? деп ойланып қалады.
Тәрбиеші:Иә, аздап салқын,айнала әлі қар. Ендеше, ортаға шуағын шашқан алтын сәулелі Күн ананы, қасиетті Жер ананы және ыстық ықыласты От ананы шақырайық! Кәне, балалар, бірге шақырайық!
Балалар тәрбиешімен бірге дауыстайды. Музыка әуенімен үш ана кіреді.
Жер Ана:
Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын!
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын!
Бесігің алдыңнан түспесін,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: