ірде
От та лаулап жанбай ма?
Төребай мен Гаусардың орындауында "Әнші болғым келеді" әні.
Мадина:
Наурыз - шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз.
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
"Көктем гүлі" атты би. Қыздар тобы.
Тәрбиеші: Рахмет, балалар! Ал әже, бағана наурыз көже ала келген сияқты болдыңыз. Сіз наурыз көжені қалай дайындадыңыз?
Әже: Наурыз көженің құрамына кіретін жеті түрлі тағамға тоқталады.
Парасат:
Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз.
Тәтті етіп жасалған
Көжеден дәм татамыз!
Мұхтар:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта тағы бар.
Ішетіннің, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Тәрбиеші:
Қасиет еткен халқымыз
Жаңғыртар дәстүр - салтымыз
Сән, салтымен көрікті Наурыз тойға
Ақ әже ерекше дәстүрімен келіпті.
Әже: Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда ерте заманда қазақ халқы "Жалғыз шырақ сәуле болмас" деп төрге қос шырақ жаққан екен. Мен де бүгін осы балабақшаның төріне қос шырақ жаққым келіп тұр, ағайын.
"Шырақ жағу" дәстүрі.
Тәрбиеші: Ал, құрметті жиналған қауым! Барлықтарыңыздың көңіл күйлеріңіз жақсы көрінеді. Мен де өте қуаныштымын. Ендеше, сіздерден "Қонақ кәде" сұрайын. Ортаға 6-8 адамды шақырамын. Көрермендермен жұмыс жүргізіледі.
Топтастыру: Сары дөңгелек таңдағандар Қаңбақ шалдың командасы, ал жасыл дөңгелек таңдағандар Дәудің командасы.
Тапсырма мынандай: Үзік-үзік сөздерден толық мақал құрастыру.
Бұл кезде ұлдар биге киінуге кетеді.
а/. Ұяда . . . ұшқанда. . .
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
ә/. Әке . . . . шеше. . .
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
б/. Өле. . . . бөле. . .
Өле жегенше, бөле же.
в/. Тен
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>