Қасиет еткен халқымыз,жаңғыртар дәстүр салтымыз

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

тек. . . . ақыл. . .
Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
г/. Мысық. . . тышқан. . .
Мысыққа ойын, тышқанға өмір қымбат.
д/. Мал. . . . жер. . .
Мал баққандікі, жер жыртқандікі.
е/. Таяқ. . . сөз. . .
Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді.
ж/. Білекті. . . білімді. . .
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
"Бабушки старушки" атты ұлдардың орындауында қалжың би.
Тәрбиеші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Сондықтан сіздерге көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында осы биді ұсындық. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" деп, осы домбырамен өз өнерін көрсетуге ортаға бір ата-ананы шақырамын.
Бір адам ортаға шығып, домбырамен ән немесе күй орындайды.
Тәрбиеші: Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің топтың балалары өте ақылды, өте өнерлі. "Жеті атасын білмеген жетесіз ұл" деген сөз бар. Ендеше, ұлдарыммен бірге жеті атамызды түгендеп көрейікші.
Бала - Әке - Ата -Арғы ата - Баба - Түп ата - Тек ата.
Ортаға өз қалауларымен бірнеше бала шығып жеті атасын айтып береді.
Тәрбиеші: Осымен бізге берілген уақыт таяп қалды, мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ертеңгілігімізді халық ауыз әдебиетінің бір үлгісі "Түйе, түйе, түйелер" атты көркем шығармамен жабайық, балалар!
Түйе, түйе, түйелер,
Тұзың қайда, түйелер?
Балқан таудың басында
Балды қоян қасында.
Еніп кеттім еңіске
Қойным толды жеміске.
Жемісімді жерге бердім,
Жер маған жусанын берді.
Жусанды мен қойға бердім,
Қой маған қошақанын берді.
Қошақанды мен қонаққа сойдым,
Қонақ маған қамшысын берді.
Қамшыны мен қазға бердім,
Қаз маған жұмыртқасын берді.
Жұмыртқаны мен енекеме бердім.
Енекем маған бір алаша тай берді.
"Алаша т

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: