Қасиет еткен халқымыз,жаңғыртар дәстүр салтымыз

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

Жамандық саған жетпесін!
Залдағы адамдарға қарай шашу шашады. "Шашу" рәсімі.

От Ана:
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы - береке!
Тіршілік таңы оянды
Наурыз тойы - мереке!
Күн Ана:
Уа,жарандар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз тойда бас иіп
Күнге сәлем беріңдер!

"Сәлемдесу" рәсімі. Балалар хормен үш анаға сәлем береді:
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, От Ана!
Осы кезде жылаған баланың дауысы естіледі.
"Сүйінші сұрау" рәсімі.
Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келіпті!!! Сүйіншіме не бересіңдер?
деп бір баланы жүгірту. Отырғандар сүйіншісін атайды.
Тәрбиеші:Ал, құрметті қауым, біздің мерекемізде дүниеге бір сәби келіпті. Бұл сәбидің аты кім болсын? Аяулы да, қасиетті аналар! Сіздерді ортаға шақырамын, бұл балаға кім деп ат қоясыздар, кәне?
"Ат қою" рәсімі.
Наурыз қыз:Наурыз мейрамында ауылдарды аралап, наурыз көже ішу керек. Ендеше мен де басқа ауылдарды аралып,қыдырып қайтайын. Келесі жылы аман есен кездесейік, достар! деп кетуге ыңғайланады.

Перизат:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен, көл
Кемерінен асады.
Жанболат:
Күттіріп келген Жыл басы
Бізбен бірге жырладың!
Дастарханға халқымның
Береке,ырыс сыйладың!

Наурыз қыз кетерінде гүлдерді шашады.
Тәрбиеші: Балалар, енді ортамызға ертегі кейіпкерлерін шақырайықшы.
Алпамсадай денелі Дәу есіктен кіріп келе жатқанда Қаңбақ шал оның алдын орап домалай жөнеледі.
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, Дәу! Жолың болсын! Қайда тарттың?
Дәу: Өй, Қаңбақ шал, саған не болды алдымды орап? Мен "Айналайын" тобының Наурыз тойына бара жатырмын.
Қаңбақ шал: Ал мен Жалмауыз к

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: