Қасиет еткен халқымыз,жаңғыртар дәстүр салтымыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

рметті қонақтар!
Келе жатқан жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз!
Тек жақсылық тілейміз,
Сіздерге ән мен жырымыз!

Ерке:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем!
Жарығымен, шуағымен, Күн Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Ералы:
Осыншама жақсылық
Алып келдің,Наурызым!
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің!

Тәрбиеші:
Жер шарын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз болса қазақ халқының шын мағынадағы ұлттық мейрамы. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Сондықтан халқымыз "Наурыз - жыл басы", "Ұлыстың Ұлы күні" деп атаған. Наурыз мейрамы көктеммен бірге келеді. Себебі көктемде жер дүние жасарып, жағарып,өмірге қайта келгендей болады. Тіршіліктің жаңаруымен бірге адамдардың да өмірі жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жандандырған Наурызды қошеметпен қарсы алайық, халайық!
Наурыз кіреді.
Мен - Наурыз қызбын
Қыздарым да қасымда!
Ұлыс күнге жеттік, міне, асыға!
Келген жылым жақсылыққа басташы,
Қуанышпен әр үйдің босағасын атташы!
"Шөжелерім" әнінің әуенімен Тауық кіріп залды бір айналып шығады.
Алижан:
Құтты болсын, наурыз
Жалқаулық қас жауымыз!
Дала толып егінге
Малға толсын тауымыз!

Гаусар:
Осыншама жақсылық
Алып келдің,Наурызым !
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып нұр жүзің!
Нұрай:
Ой,халайық,халайық!
Әсем әнге салайық!
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!

"Наурыз келді, балалар" әні.
Наурыз келді, балалар.
Көктеді қыр, жағалар.
Наурыз тойын тойлайық,
Жаңа жылда, ағалар!
Қайырмасы: Наурыз, наурыз, келді біздің жаңа жыл! 4 рет
Көктем келді, балақай.
Ж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: