Алтын ұя мектебім

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

Ушинский
Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В. А. Сухомлинский
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы. Алтынсарин
НАҚЫЛ СӨЗДЕР
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Жақсы мұраптың атынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.
Ұстазға қарап шәкірт өседі.
Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым - тұл.
Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.
Ұстаз мәртебесі - ел мерейің
Ұстаздан шәкірт озар
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
Ұстазы талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Ұстаз - ұрпақ мақтанышы.
Ұстаз болу - жүректің асылдығы.
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді.
Бұйырмас білім тоқымай,
Ұстаздық қылма оқымай.
Жарасады сыпайылық балаға,
Ұстазыңа одырайып қарама.
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан.
ЖҰМБАҚТАР
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
( Ұстаз)
Білімнің - жолбасшысы,
Шәкірттің - қолбасшысы.
( Мұғалім)
Оқу - білім бағдары,
Заманының бағбаны.
( Ұстаз)
"БӘРІ КЕРІСІНШЕ"
(Төменгі сынып оқушыларына арналған ойын - мереке)
Безендірілуі:
Түрлі-түсті шарлар, күз мезгіліне арнап салынған суреттер, нақыл сөздер жазылып ілінеді. Ұстаздар күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылады.
(Жүргізушілер сахнаға қолдарындағы қоңырауларын кезек-кезек сыңғырлатып жүгіріп кіреді)
Жүргізуші 1: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен қ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: