Алтын ұя мектебім

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

лігі сонша, ол балалардың сауатын ашады. Жәй ғана әріптерді үйретіп қана қоймай, нешетүрлі көңілді де, қызықты ойындармен, жұмбақтармен таныстырады.
Әліппежан, осы мерекеде өзіңнің өнеріңді бір көрсетсең. Бұл ойын-мерекеде мұғалім болуды біз саған жүктедік.
Әліппе: Келістім! Онда бірінші ойын - қазақ тілі!
Ойынды бастамас бұрын, "Өшіргіш пен қағаздың айтысын оқып берейін.
Өшіргіш пен кір қағаз -
Өмір бойы дүрдараз.
Қағаз айтты досына:
"Қайырымың осы ма?
Жатырмын деп тазалап,
Ысқылайсың қажалап.
Білігі жоқ есерсің,
Бүйірімді тесерсің.
Түбі осыңнан табасың:
Күнде шөгіп барасың.
Өзің - дағы өшерсің,
Дүниеден көшерсің".
Сонда өшіргіш сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
- Бұйырмасын өкінсем:
Қағаз кірін кетірсем.
"Бір күні жоқ жалыққан
Қателерден арылтқан -
Өшіргіш!" - деп, айтады ел.
Бағалайды байтақ ел.
Жаны туыс,
Көркемдік пен тазалық:
Кәне дұрыс,
Көркем, таза жазалық!
Мұзафар Әлімбаев
Әліппе: Біріншіден мен оқушыларым әріптерді ұмытқан жоқ па екен соны тексергім келіп тұр. Ол үшін оқушылардың арасынан өзіме көмекке 2-3 баланы сахнаға шақырамын. Бұл балалар кезек-кезек дене мүшелері арқылы әріптердің формасын көрсетеді. Ал сіздер, қадірлі "оқушылар" оларды шешулеріңіз керек.
(Бұл жерде әріптердің жеңіл көрсетілетін түрлерін таңдаған дұрыс. Мысалы: А, Я, Ф, О, М, П, Ж, І, Ө т. б. қалаулары бойынша. Сонымен қатар, көп ұтыс жинаған оқушыға алдын-ала қызыл картоннан жасалған жұлдызшалар үлестіріледі).
Жүргізуші 2: Өте жақсы! Әліппежан, оқырмандарың бірінші тапсырмаңды сәтті орындап шықты. Ынталы да, жақсы оқитын балалар екен.

Жүргізуші 1: Ал мен бұл тапсырмаларды өте оңай деп есептеймі

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: