ot;Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. . . Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арнап, С. Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы "Мектеп - білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі"
атты әдістемелік құралын ұсынады.
Бұл құралдың мерекені ұйымдастырушыларға көмегі тиеді деген сенімдеміз. Сәт сапар тілейміз!
Інжу-маржан
ҰСТАЗ ДЕГЕН. . .
Ұстаз. . . жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын. . . алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. . . , мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ. . . , жұрттың бәріне. . . жақсылық пен ізгілік көрсетіп. . . қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Адамның адамшылдығы. .
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>