Алтын ұя мектебім

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ұттықтаймыз! Сіздерге еңбекте табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық, бақыт тілейміз!
Оқырман 1: Білімнің кілтіндей
"Әліппе" ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың -
Мұғалім - ол біздің.
Оқырман 2: Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың -
Мұғалім - ол біздің.
Оқырман 1: Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың -
Мұғалім - ол біздің
Мұзафар Әлімбаев
Жүргізушілер қоңырауларын тағы бір мезет сыңғырлатады. Осы бір мезетте оқушылар Ұстаздарды мерекелерімен құттықтауға шығады.
(Балалар ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлайды).
Жүргізуші 1: Біз бүгін аяулы да, ардақты ұстаздарымызды немен қуантсақ екен?
Жүргізуші 2: Осы өткізіп жатқан мерекеміз, апайлар мен ағайлардың естерінде қызықты жағымен есте қалу үшін, бәрін керісінше істеуіміз керек.
Жүргізуші 1: Қалай керісінше?
Жүргізуші 2: Бүгін біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыз орындарын ауыстырады. Дұрысын айтқанда, ұстаздарымыз уақытша оқушы рөлін атқарады. Қазір біз оқушыларымызға қызықты ойындар өткізсек. Осы ойында көп сұраққа жауап берген оқушы "Жеңімпаз" атағын жеңіп алады. (Оқырмандарға қарап) Келісесіңдер ме, балалар?
Жүргізуші 1: Ал ойын-мерекемізді бастайық! (Осы кезде сахнаға Әліппе жүгіріп кіреді)
Әліппе: Сәлеметсіздер ме? Қайырлы күн көпшілік
қауым! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті
Ұстаздар! Бірақ бұл мерекені менсіз өткізіп
жатқандарыңыз қалай? (Әліппе томсырайып
өкпелеп қалады)
Жүргізуші 2: Ой, Әліппежан, сенің келгенің қандай жақсы болды, өкпелеме енді. Сенің келгеніңе біз өте қуаныштымыз!
Жүргізуші 1: Әліппенің құрметті

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: